ruenkz

Жолаушылар әуе тасымалы 38 пайызға төмендеді

Салынған уақыты 24.11.2020 08:45

Қазақстандық авиакомпаниялардың кірістері екі есе төмендеді, Жолаушылар тасымалы сегменті ең көп зардап шекті, деп хабарлайды finprom.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, қазан айының қорытындысы бойынша жолаушылар тасымалы қызметтерінің бағасы бір айда 2,4 пайызға және бір жылда 8,5 пайызға төмендеді. Республика өңірлері арасында қызмет бағасының тым төмен түсуі жылдық серпінде Нұр-Сұлтан (өткен жылғы қазанға қарағанда минус 36,9 пайыз), Алматы (минус 28,8 пайыз) және Шымкент (минус 28,7 пайыз) қалаларында тіркелген.

Сонымен қатар, елдің 17 өңірінің төртеуіндегі бағалар: Батыс Қазақстан (бір жылда 34,4 пайызға), Атырау (13,1 пайызға), Қарағанды (11,6 пайызға) және Қостанай (4,5 пайызға) облыстарында өсті. 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында елдің авиакомпаниялары 4,4 миллион адамды тасымалдады – бұл бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 38,2 пайызға аз. Тікелей қазан айында – 621,5 мың жолаушы, бұл өткен айға қарағанда 2,1 пайызға көп, бірақ «коронавирусқа дейінгі» 2019 жылдың қазанымен салыстырғанда 19,5 пайызға аз, дейді сарапшылар.

3253