Қостанай филиалының «Арқалық» алыс жердегі орнында DVOR/DME жабдығы пайдалануға берілді
Салынған уақыты 23.11.2020 09:40
«Қазаэронавигация» РМК-ның 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасын және ҚР аэронавигациялық жүйесін дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған жоспарын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді арттыру және ұшуды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қостанай филиалының «Арқалық» алыс жердегі орнында DVOR 432/DME 435 құрылысы аяқталды.
Жан-жаққа бағытталған ӨЖЖ радиомаяк қабылдау-тапсыру сынақтарынан, жерүсті және ұшу кезіндегі тексерулерден сәтті өтті.
2020 жылғы 19 қарашада DVOR/DME жабдығы пайдалануға беріліп, AIRAC мерзімдеріне сәйкес аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланды.
3574