Emirates авиакомпаниясы Дубай әуежайында өзін-өзі тіркеу процесін жетілдірді
Салынған уақыты 20.11.2020 14:07
Emirates авиакомпаниясы (БАӘ) Дубай халықаралық әуежайында багажды дербес тіркеу және тапсыруға арналған заманауи дүңгіршектер орнатты. Бұл қызмет енді қосымша талаптар қолданылатын АҚШ, Канада, Қытай, Үндістан және Гонконгты қоспағанда, әуе тасымалдаушысының барлық бағыттары бойынша саяхаттайтын жолаушыларға қолжетімді, деп хабарлайды АТО порталы.
Жаңа терминалдар жолаушылар легі көп болған кезде күту уақытын қысқартуға және клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Дүңгіршектердің көмегімен жолаушылар өз бетінше тіркеуден өтеді, отырғызу талонын алады, ұшақтан орын таңдайды және багаж тапсырады. Жаңашылдықтың арқасында жолаушылар тез тіркеліп, көші-қондық бақылауға бара алады. Дүңгіршектерге үнемі санитарлық тазарту, дезинфекциялау жүргізіледі.
Бұл технологиялық шешімді Emirates мамандары Dubai Aviation Engineering Projects және Dubai Airports-пен бірлесіп әзірледі. Болашақта өзін-өзі тіркеу дүңгіршектерінің технологиялары жетілдіріліп, байланыссыз қызмет көрсету және билеттерді өздігінен қайта брондау функциясымен қоса, пайдаланушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсынылатын болады.
3091