Air Astana авикомпаниясы премиум экономкласс қызметін енгізбек
Салынған уақыты 20.11.2020 09:47
Премиум өнімдерге сұранысты ынталандыру үшін Air Astana авиакомпаниясы жақын аралықтарда қызмет көрсететін жаңа буын Embraer 190-Е2 ұшақтары орындайтын барлық рейстерде жақсартылған экономикалық кластағы жаңа қызметті (рremium есоnому сlass) енгізеді.
Қазақстандық ұлттық тасымалдаушының деректері бойынша E190-E2 бойынша қызмет көрсетудің жаңа сыныбы бизнес-кластың орнына қолдануға келеді, бұл ретте жолаушылар бірдей жайлылық пен сервис деңгейіне қол жеткізеді, бірақ бағасы 35%-ға дейін төмен болады. Авиакомпанияда түсіндіргендей, бағасын ескермейтін болса, жаңа өнімнің шын мәнінде бұрынғы «бизнестен» еш айырмашылығы жоқ: креслолар, креслолардың аралығы да өзгеріссіз қалды; тамақтану және жол жинақтары — бизнес-класс сияқты; багаждың нормасы 32 килограмнан 2 орынға дейін ұлғайтылған; бизнес-класс күту залдарына қолжетімділік; басымдықпен тіркеу, отырғызу және түсіру; қос бонустық балл алу.
23 қарашадан бастап іске қосылатын премиум экономкласс бірінші кезеңде Нұр-Сұлтаннан Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Өскеменге және Алматыдан Қызылордаға ұшатын ішкі рейстерде ғана қолжетімді болады.
Air Astana авиакомпаниясының сату жөніндегі директоры Ислам Секербеков жаңа сыныптың енгізілуіне қатысты былай деді: «Келіп түскен көптеген өтініштердің арқасында бізде жайлылық пен уақыт үнемдеуді бағалайтын адамдарға арналған premium economy class пайда болды. Премиум экономкласс жолаушылары барынша демократиялық тарифтер бойынша бизнес-кластағы сервис пен артықшылықтарға ие болады».
3956