Әуе кемесін іздестіру және құтқару жұмыстарын үйлестіру оқу-жаттығулары өткізілді
Салынған уақыты 19.11.2020 14:55
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Алматы облысында әуе кемесін іздестіру және құтқару жұмыстарын үйлестіру оқу-жаттығуларын өткізді. Оқу-жаттығуға "Қазаэронавигация" РМК Оңтүстік-Шығыс ӘҚҰ өңірлік орталығының Іздестіру-құтқару жөніндегі үйлестіру орталығы және әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің мамандары, Боралдай әуеайлағының авариялық-құтқару командасы, "Қазавиақұтқару" АҚ өкілдері және тікұшақ экипажы қатысты.
Оқу-жаттығу азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы ұшуларды іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару қызметін қамтамасыз етуді бақылау шеңберінде өткізілді.
Бұл ретте оқу-жаттығу түріне байланысты ТЖМ жерүсті күштері қолданылуы мүмкін.
Оқу-жаттығудың аңызына сәйкес күндіз қарапайым метеожағдайларда әуе жағдайының индикаторларынан Алматы – Балқаш бағыты бойынша санитариялық авиацияның әуе кемесінен белгі жоғалып кетті, экипаж қолжетімді байланыс арналары бойынша диспетчерлердің шақыруларына жауап бермеді. ӘҚҚ қызметінің диспетчерлері қажетті күштер мен құралдарды, сондай-ақ болжамды іздестіру орнын айқындайтын іздестіру және құтқару жөніндегі үйлестіру орталығына хабарлайды. Боралдай әуеайлағының авариялық-құтқару командасымен "Қазавиақұтқару" АҚ кезекші тікұшағы Боралдай әуеайлағынан көтерілді. Іздестіру аймағына шыққаннан кейін экипаж болжамды оқиғаның орнын анықтау үшін галсирлеу техникасын қолданды. Барлық өзара іс-қимыл жасаушы тараптардың үйлесімді жұмысының арқасында оқиға орны тез табылды және "зардап шеккендер" Боралдай әуеайлағына жеткізу үшін тікұшаққа отырғызылды.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша оған қатысқан қызметтердің мамандарымен брифингтер өткізілді.
3546