ruenkz

Сеул қаласында ұшқышсыз ұшатын таксилерді көрсетті

Салынған уақыты 19.11.2020 08:35

Ұшқышсыз ұшатын таксилер мен пошта дрондарының демонстрациясы алғаш рет Оңтүстік Кореяда өтті.

Іс-шараны Сеулде Оңтүстік Корея Көлік министрлігі мен еліміздің бас қаласының мэриясы бірлесіп ұйымдастырды. Сынақ рейстері бұрын шағын әуеайлақ болған беделді бизнес-кварталда өзен жағасында өтті. Бұған дейін мұндай сынақтар республиканың адам тұрмайтын аудандарында жүргізілген болатын.

Инженерлер 16 пропеллері бар екі орындық EH216 ұшағын көрсетті. Ол ауаға сәтті көтеріліп, жеті минут ішінде өзеннің үстінен бірнеше шеңбер жасап, сол жерге қонды. Сонымен бірге ауада кішігірім пошта дрондары болды. Ұшуды басқару және үйлестіру жергілікті мамандар құрған K-drone жүйесінің көмегімен жүзеге асырылды. Ол бірден бірнеше дрондардың әуеде қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді, олардың биіктігін, жылдамдығын және ұшу бағытын бақылайды.

Такси дрондары тігінен ұшып, тігінен қонады. Олар бір уақытта бес адамды тасымалдауға қабілетті. Көлік құралының жылдамдығы сағатына 300 км жетеді, билік көліктің жаңа түрінің пайда болуы ауаның ластануын азайтады деп үміттенеді, өйткені құрылғылар электр қозғалтқыштары арқылы жұмыс істейді. Жақын арада дрондардың ұшуы қарапайым таксимен жүруден гөрі арзан болады деп болжап отыр. Ұшқышсыз әуе таксиінің жұмысын толыққанды іске қосу 2028 жылға жоспарланған.

3012