Ресей Қазақстанға, БАӘ, Куба және Мальдив аралдарына ұшатын рейстердің санын көбейтіп жатыр
Салынған уақыты 18.11.2020 17:16
РИА Новости дереккөзіне сілтеме жасай отырып, Ресей Үкіметінің баспасөз қызметі «Қазақстанға (Мәскеу – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша аптасына үш рейске дейін және Мәскеу – Алматы бағыты бойынша аптасына екі рейске дейін), Біріккен Араб Әмірліктеріне (Түркия Республикасына жолаушылар ағынының азаюын ескере отырып, аптасына жеті рейске дейін), Кубаға (аптасына төрт рейске дейін) және Мальдив аралдарына (аптасына сегіз рейске дейін) рейстер санын арттыру туралы шешім қабылданды», - деді.
3139