ruenkz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Украина Инфрақұрылым министрлігі арасында Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Салынған уақыты 17.11.2020 08:36

Меморандумға 2020 жылғы 12 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өткен жұмыс кездесу қорытындысы бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев пен Украинаның Инфрақұрылым министрі Владислав Криклий қол қойды.

Екі ел министрліктерінің басшылары көлік және көлік инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастықты дамыту бағытын және бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін ТРАСЕКА жобасына қатысушылар арасында бірыңғай транзиттік рұқсатты енгізу шарттарын талқылады.

Бүгінде рұқсаттамалар қағаз түрінде басылып жүр. Бірақ Қазақстан серіктестерімен электрондық форматқа көшіру бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Венгрия, Германия, Грекия, Иран, Латвия, Молдова, Словакия, Швейцария және Түркия біздің қазақстандық тараптың бұл ұсынысын қолдады. Украина ақпараттық технологиялар туралы да сөз қозғады.

Қазақстан-Украина кездесуіне қатысушылар азаматтық авиация, теміржол көлігі және халықаралық жүк автомобиль тасымалдары саласындағы өзара іс- қимылдың перспективалық жобаларын талқылады. Сондай-ақ, Қара және Каспий теңіздерінің теңіз порттарын пайдалана отырып, Қытай – Қазақстан – Әзірбайжан – Грузия – Украина - Еуропа елдері бағытында қосымша жүк тасымалын тарту мүмкіндіктеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Кездесу соңында тараптар жүргізілген келіссөздердің нәтижелеріне ризашылықтарын білдіріп, Инновациялық технологиялар мен ақпараттық жүйелерді құру саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы, халықаралық жүк автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат алмасу тәртібі туралы меморандумға қол қойды.

3369