Thai Airways өз ұшақтарын сатпақшы
Салынған уақыты 16.11.2020 08:43
Thai Airways авиакомпаниясы 34 жолаушы ұшағын сатуға қойғанын хабарлайды. Сатылымға Boeing 747, Boeing 777-200/300, сондай-ақ Airbus A340-600, A340-500, 737-400 және А300-600 үлгісіндегі ұшақтар шығарылды.
Сатудан түскен барлық қаражат авиакомпанияның қарызын өтеуге жұмсалады, ол кейбіреулердің бағалауы бойынша 300 миллиард батқа (шамамен 10 миллиард доллар) дейін жетеді.
Жалпы алғанда компания иелігінде 96 ұшақ бар. Тайландтық ұлттық авиатасымалдаушының көп жылдардан бері қаржылық проблемалары бар екені белгілі. Бұл Компанияның Таиландтың банкроттық сотына жүгінуіне және 2020 жылдың мамыр айында бизнесті қайта ұйымдастыруға өтініш беруіне әкеп соқты. Сот өтінішті қыркүйек айында мақұлдады.
Сонымен бірге, ашық деректердің негізінде Bloomberg сарапшылары жыл соңына дейін дефолт жариялай алатын авиакомпаниялардың тізімін жасады. Олар: Aeromexico, AirAsia және Thai Airways. Сондай-ақ, банкроттық туралы Pakistan International, танзаниялық Precision Air, бразилиялық Azul мен Gol және нигериялық Medview жариялауы мүмкін.
2874