ruenkz

Қазақстандықтарға қандай халықаралық әуе рейстері қолжетімді

Салынған уақыты 14.09.2021 15:36

Қазақстан әлеммен халықаралық әуе қатынасын қалпына келтіруді жалғастыруда. Қазір елімізде аптасына 51 маршрут бойынша 227 рейс орындалады. Бұл ретте 21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасында авиарейстер саны артады, ал қазан айында Мальдив аралдарына ұшатын рейстер басталады.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, халықаралық әуе рейстері мына 20 елге орындалады: Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Украина, Ресей, Грузия, Армения, Түркия, БАӘ, Египет, Катар, Германия, Польша, Черногория, Венгрия, Ұлыбритания, Нидерланды, Мальдив және Оңтүстік Корея.

Айта кету керек, бұл елдердің барлығына рейстер туристік визамен орындалмайды.

65