ruenkz

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық «Бірлік» филиалының «Қазаэронавигация» бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесуі өтті

Құрылды 10.01.2018 09:14

Баспасөз хабарламасы

 «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық «Бірлік» филиалының «Қазаэронавигация» бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Өтеғұлұлы Бектұрғанов пен Жанат Абдоллаұлы Жарасовтың және филиал төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Шопанұлы Қожахметовтің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұжымымен кездесуі өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Өтеғұлұлы Бектұрғанов пен Жанат Абдоллаұлы Жарасов         Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  заң шығару қызметі туралы айтып берді.

Бұл елімізді дамытудың басымдықты 10 бағыты қамтылған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру үшін ұйымдастырылған мәжілісмендердің алғашқы кездесуі екенін айта кеткен жөн.

Кездесуде Кәсіпорын ұжымы тарапынан сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.

 «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасында аэронавигациялық қызмет көрсететін ең ірі провайдер.

 «Қазаэронавигация» РМК басшылығы атынан бас директор Бектұров Азат Ғаббасұлы және бастауыш партия ұйымының төрайымы  Кәкен Қарлығаш  Ғазизқызы қонақтарды кәсіпорынның негізгі қызметімен және  Қазақстан Республикасы авиациясының даму тарихынан көрініс беретін тарихи көне жәдігерлер жиналған мұражаймен таныстырды.

231