ruenkz

Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчеріне үміткерлерді іріктеу бойынша сайт іске қосылды

Құрылды 24.11.2017 15:23

«Қазаэронавигация» РМК 2017 жылғы 05 қарашада «Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері» мамандығы бойынша оқытуға үміткерлерді іріктеу сайтын ресми түрде іске қосты.

Бұл сайтта: мамандыққа қатысты ақпарат, болашақ мамандар үшін пайдалы мағлұмат, оның ішінде үміткердің қандай маңызды кәсіби қабілеті болуы тиіс екені, жеңілдіктер мен кепілдіктер, ережелер мен талаптар көрсетілген. Осы сайттан Сіздер «Қазаэронавигация» РМК-ның оқыту саласындағы соңғы жаңалықтарын қарай аласыздар. Кәсіптік бағдар беру мақсатында үміткерлерге өтініш бергенге дейін ойын түріндегі компьютерлік тестілеуден өту ұсынылады, ол іріктеу үшін негіз болмайды, алайда үміркерлерге әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің жұмысы туралы көп мағлұмат беріп, өзі үшін маңызды шешім қабылдауға көмектеседі.

Енді кез келген тілек білдіруші осы мамандыққа өз кандидатурасын онлайн түрде ұсына алады. «Өтініш беру» қосымшасында үміткерге онлайн-конкурстың үш кезеңі ұсынылады. Бұл кезеңдермен http://training.ans.kz әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерін бастапқы оқыту сайтынан таныса аласыз.

Сізді мамандық талаптарына сәйкестігіңізді тексеруге шақырамыз. Біз Сізді күтеміз!

Сәттілік тілейміз!

21