ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК-ның тыңдаушылар тобы Global ATS-те «Әуе қозғалысын басқару» бағдарламасы бойынша бастапқы даярлау курстарында оқуды бастады

Құрылды 24.11.2017 15:08

«Қазаэронавигация» РМК 2017 жылғы 06 қарашада сегіз адамнан тұратын топты кәсіпорын қаражаты есебінен бір жыл мерзімге «Әуе қозғалысын басқару» бағдарламасы бойынша бастапқы даярлау курсына оқуға GLOBAL ATS - Авиациялық оқу орталығына (Челтнем қаласы, Ұлыбритания) жіберді.

Сегіз үміткер барлық іріктеу сатысынан, оның ішінде ағылшын тілінен тестілеуден, медициналық куәландыру және психофизиологиялық тексеруден ойдағыдай өтті. Бұл топ әлемнің ең үздік авиациялық оқу орталықтарының бірінде әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері мамандығы бойынша білім алып, соңғы тестілеуден өткеннен кейін келесі жылы «Қазаэронавигация» РМК-ға жұмыс істеуге келеді. Кәсіпорын Қазақстанның аэронавигациялық қызметіне жоғары білікті мамандарды тарту үшін әлемдік тәжірибені қолдана отырып, дарынды жас мамандарды өз есебінен оқытуды бұрыннан жалғастырып келеді. 

20