ruenkz

Кәсіби дайындау орталығында «ATCO Initial Training» әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерін бастапқы даярлау курсы бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Құрылды 23.11.2017 11:57

Кәсіби дайындау орталығында «ATCO Initial Training» әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерін бастапқы даярлау курсы бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Бекітілген даярлау жоспарына және Азаматтық авиация комитетінде келісілген бағдарламаға сәйкес, 2017 жылғы 15 қарашада «Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығында он болашақ әуе қозғалысына қызмет көрсету маманынан тұратын топ «ATCO Initial Training»  әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерінің бастапқы даярлау курсы бойынша оқуды бастады.

Сабақтардың жартысы дерлік ағылшын тілінде өтеді, бұдан әрі оқытуды толық ағылшын тілінде жүргізу жоспарланып отыр. Бұл Кәсіби дайындау орталығы үшін пилоттық жоба. Бұл курстың бірегейлігі тек сабақтардың алғаш рет ағылшын тілінде жүргізілуі ғана емес, бағдарламаның толығымен даярлаудың біліктілік жүйесі қағидаттарына сәйкес құралғанында. Курс 1346 сағат теориялық, 432 сағат жаттығу құрылғысында практикалық даярлаудан және 10 сағат ұшу практикасынан тұрады. Бұл бағдарламаға Basic training, Rating training және барлық рейтингтер бойынша (All ratings) даярлау кіреді.

 

20