ruenkz

Күзгі-көктемгі кезеңде әуе қозғалысын ұйымдастыру

Құрылды 23.11.2017 11:48

Күзгі-көктемгі кезеңде әуе қозғалысын ұйымдастыру

«Батыс Қазақстан ӘҚҰ ӨО» филиалының әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінде күзгі-қысқы кезеңде ұшу қауіпсіздігі мен тұрақтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында дайындық жүргізіледі.    

Негізгі міндет – диспетчерлік құрамның күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру іс-шараларын жоғары деңгейде жүргізу.

Осы мақсатта дисептчерлік құрамға жаттығу құрылғысындағы даярлық және техникалық оқу жүргізілді, сондай-ақ қозғалыс қызметінің командалық-басшылық құрамына әдістемелік кеңес өткізілді.

Кеңесте мынадай ең өзекті мәселелер қаралды:

- күзгі-қысқы кезеңдегі ӘҚҚ кезіндегі ұшу қауіпсіздігінің ахуалын талдау;

- ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (ҰҚБЖ) мен сапа жүйесінің жұмыс істеу тиімділігі;

- әуе кеңістігінің құрылымын жетілдіру, оның нормативтік-құқықтық актілерге, қозғалыс қызметі жауапты шекаралардағы аэронавигациялық деректердің дәлдігі және өзектілігі талаптарына сәйкестігі жөніндегі іс-шаралар;

- авариялық-құтқару жұмыстарын, жауын- шашыннның көп мөлшерде түсуіне немесе қар жамылғысының қалыңдауына байланысты  табиғи апат кезінде халыққа көмек көрсету жұмыстарын жүргізген кезде әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;

- ӘҚҚ объектілері мен оларға іргелес аумақтарда өрт ошақтары пайда болуының, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету және қосымша (қосалқы) диспетчерлік пункттер ұйымдастыру кезінде ауытқулар пайда болуының алдын алу іс-шаралары;

- Әуеайлақтарда ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтарды метеорологиялық құбылыстар болжанған және әуе кемелерінің ұшуларына қауіп төндіретін жағдайларда метеорологиялық органдардың қозғалыс қызметтерімен тиісінше өзара әрекет ету талаптарына сәйкестендіруге бағытталған іс-шаралар.

Диспетчерлік құрамның алдыңғы ұқсас кезеңдердегі ұшулар қауіпсіздігін, әуе қозғалысына қызмет көрсету кезіндегі кемшіліктерге, күзгі-қысқы кезеңдегі ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалану ерекшеліктеріне негізделген авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың жағдайлары мен себептерін талдауларды  зерделеулеріне ерекше көңіл аудару ұсынылды.

  Қызметтің жеке құрамын ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ынталандыру мақсаты айқындалды.

 

20