ruenkz

Авиация мамандарын даярлау және TRAINAIR PLUS жөніндегі өңірлік симпозиум

Құрылды 13.10.2017 17:44

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) 2017 жылғы 9-11 қазан аралығында Астана қаласында Авиация мамандарын даярлау және TRAINAIR PLUS жөніндегі өңірлік симпозиум өткізді

2017 жылғы 9 қазанда Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) мен «Қазаэронавигация» РМК-ның ұйымдастыруымен Қазақстан және Орталық Азия өңірінде алғаш рет Авиация мамандарын даярлау және TRAINAIR PLUS жөніндегі өңірлік симпозиумның ашылу салтанаты өтті.

Симпозиумның ресми ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, «Қазаэронавигация» РМК бас директоры Азат Бектұров, сондай-ақ ИКАО-ның Техникалық ынтымақтастық бюросы директорының орынбасары және Ғаламдық авиациялық даярлау басқармасының бастығы Мешеша Беляне сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өзінің құттықтау сөзінде: «Симпозиум кадрлық әлеуетті дамыту мен авиациялық персоналды даярлау саласындағы озық тәжірибемен алмасатын бірегей алаңға айналып, Қазақстан үшін Еуразиялық континенттегі авиация саласының әрі қарай дамуына өз үлесін қосуға зор мүмкіндік береді», -  деп атап айтты.

Симпозиумға азаматтық авиация органдарының өкілдерін, аэронавигациялық қызмет көрсетушілерді,  өндірістік кәсіпорындарды, азаматтық авиацияның оқу орталықтарын, авиакомпанияларды, жерде қызмет көрсету және жүк тасымалдау операторларын, техникалық қызмет көрсету ұйымдарын және әуежайлардың операторларын қосқанда, 90 алыс және жақын шетелден 300-ден астам делегат қатысты.

Симпозиум аясында тиімді оқу әдістемелерін қолдану, инновацияларды зерделеу және авиациялық даярлау саласында тиімді әрі оңтайлы шешімдерді енгізу мәселелері қарастырылды.

http://tppastana2017.kz/

60