ruenkz

"Еуразия" ҮК Сарапшылар үйлестіру тобы мен Үйлестіру кеңесінің бірлескен 37-кеңесі

Құрылды 30.09.2019 11:50

2019 жылғы 23-26 қыркүйек аралығында Алматы қаласында «Қазаэронавигация» РМК ұйымдастырған «Еуразия» ҮК Сарапшылар үйлестіру тобы мен Үйлестіру кеңесінің бірлескен 37-кеңесі болып өтті.

Кеңеске ТМД елдері — Әзірбайжан, Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанның аэронавигациялық қызмет көрсетуші ұлттық провайдерлерінің бас директорларын, сондай-ақ ICAO, МАК, IATA халықаралық авиациялық ұйымдарының өкілдерін қоса алғанда, 15 елден 135-тен астам қатысушы келді.

Кеңес барысында «Еуразияға» мүше мемлекеттердің аэронавигациялық қызмет көрсетуші ұлттық провайдерлері өкілдерінің ТМД мемлекеттерінің аэронавигациялық жүйелерінің жай-күйі және даму жоспарлары туралы баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, мемлекеттерде қабылданған әуе қозғалысын ұйымдастыруды (ӘҚҰ) және әуе кеңістігін пайдалануды реттейтін ұлттық нормативтік-құқықтық құжаттар қаралды.

Өз сөзінде «Қазаэронавигация» РМК бас директоры Азат Бектұров осы жылғы кездесу ұйымның 20 жылдық мерейтойына дәл келгенін атап өтті. Бірінші кеңес 1999 жылғы 11 қарашада Алматыда өткен, онда жарғылық құжаттар – «Еуразия» үйлестіру кеңесі туралы ереже қабылданып, оған қол қойылды. Алғаш рет Қазақстанда, оның ішінде Алматыда негізі қаланған «Еуразия» үйлестіру кеңесінің 20 жыл өткеннен кейін қайта сол жерге жиналуы қуантарлық жағдай.

Іс-шара барысында «Еуразия» үйлестіру кеңесіне төрағалық етуші Тараптың функциялары Ресей Федерациясынан ("Госкорпорация по ОрВД" ФМУК) келесі 2 жылда Қазақстан Республикасының атынан төрағалық ететін "Қазаэронавигация" РМК-ға берілді.

Делегаттар мен шақырылған қонақтар «Қазаэронавигация» РМК тарапынан іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

 

  

 

 

39