ruenkz

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жауапты хатшысы М.Қ. Пішембаевтың жұмыс сапары

Құрылды 10.06.2019 13:32

Министрліктің және оның ведомстволарының ведомстволық бағынысты ұйымдарына жұмыс сапарының бекітілген кестесіне сәйкес, ағымдағы жылғы 6 маусымда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жауапты хатшысы М.Қ. Пішембаевтың «Қазаэронавигация» РМК-ға жұмыс сапары өтті.

Жауапты хатшының жұмыс сапары «Орталық Қазақстан әуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығы» филиалын аралаудан басталды, онда ол ӘҚҚ өңірлік орталығының жұмысымен танысты, өндірістік жайларды аралап көрді, сондай-ақ филиал ұжымымен кеңес өткізді.

Жауапты хатшы аэронавигациялық қызметтер мен елорданың әуе кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты жұмыстың ауырлығын назарға ала отырып, орталық қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығын атап өтті.

Бұдан кейін Жауапты хатшы Кәсіпорын басшылығы мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен «Қазаэронавигация» РМК әкімшілік ғимаратында кеңес өткізді.

Өз баяндамасында «Қазаэронавигация» РМК бас директоры
А.Ғ.Бектұров Кәсіпорын қызметінің нәтижелері және даму перспективалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, персоналды басқару және заңды, жеке тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша қабылданатын шаралар туралы мәлімдеді.

Жауапты хатшы «Қазаэронавигация» РМК ұжымына Кәсіпорын қызметінің жоғары нәтижелері үшін алғысын білдіріп, қызметкерлердің кәсіпқойлығын атап өтті және алдағы уақытта табыс тіледі.

137