ЕААК-тың 36-пленарлық сессиясы
ruenkz

ЕААК-тың 36-пленарлық сессиясы

Құрылды 03.08.2018 12:07

Монреаль мен Страсбург, 2018 жылғы 12 шілде. ИКАО кеңесінің президенті мен ИКАО бас хатшысы қатысқан Еуропалық азаматтық авиация конференциясының (ЕААК) 36-пленарлық сессиясында Страсбург қаласында (Франция) қозғалған маңызды мәселелердің ішінде әуе тасымалдарының көлемін жылдам арттыру және дрондарды, коммерциялық ғарыштық ұшу аппараттарын және жасанды интеллектті қауіпсіз түрде біріктірумен байланысты туындаған мәселелер болды.

ИКАО Кеңесінің Президенті Олумуива Бенард Алиу конференцияға қатысып отырған Әуе тасымалымен айналысатын еуропалық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына жолдаған сөзінде Еуропа әлемдегі әуе тасымалының ең либералды және біріктірілген нарықтың бірі болып табылатынын атап өті.

Ол осы аймақтағы ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне баса тоқталды, өйткені бұл аймақ әлемдік халықаралық жолаушылар тасымалының жартысын қамтиды, алайда, болжанып отырған әуе тасымалының артуы бұл қатынаста маңызды мәселелерді тудыратынын және мемлекеттер мен пайдаланушылардың шектеулі әуе кеңістігінде әуе тасымалдарының көлемін арттырудың әлеуметтік-экономикалық пайданы оңтайландыруға ұмтылысын ескере отырып, ИКАО жаһандық жоспарына байланысты басымдықтармен тең дәрежеде пайдалана алады.

ИКАО Президенті 2021 жылдан бастап іске асырыла бастайтын және осы жылдың қазан айына жоспарланған дәстүрлі ИКАО Аэронавигациялық конференцияның шешімдері үшін негізін қалаған көміртек шығарындыларын өтеу бағдарламасына арналған стандартарға қатысты ИКАО Кеңесі қол жеткізген прогресс туралы еуропалық аудиторияға ақпарат жеткізді.

ИКАО бас хатшысы доктор Фан Лю Еуропаға тиесілі жаһандық әуе тасымалдарының 27 % аймақтарда құрылған шамамен 11,9 млн жұмыс орындарына сәйкес келетінін және өңірлік ВПП 735 млрд евро екенін атап өтті.

Доктор Лю ұшу қауіпсіздігінің көрсеткіштері Еуропадағы әуе көлігінің өсуі мен жетістіктеріне әсер ететін негізгі факторлар болып табылатынын және бұл саланың жақсартылған үйлесімі Еуропа елдеріне ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау саласында ИКАО өткізген тексерулер қорытындысы бойынша ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектескенін айтты.

Әуе көлігі саласындағы саясаттың басымдықтарына қатысты бұдан да кең жалпы еуропалық үйлестіруге қол жеткізу жөніндегі ЕААК мақсатын көрсетті және қолдады, және ИКАО қабылдаған Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаһандық жоспарын (АҚЖЖ) өңірлерде жүзеге асыру қарқындылығын сақтау маңыздылығын атап өтті.

Францияда болу кезінде ИКАО-ның лауазымды тұлғалары EUR/NAT өңірлік бюро директоры Луиш Фонсека де Алмейдамен бірге Мобильділік және көлік жөніндегі еуропалық комиссияның бас директоры Хенрик Хололей мырзамен, Украинаның Инфрақұрылым министрі Володимир Омельян мырзамен, Корея Республикасының ұшу қауіпсіздігі саласындағы саясат жөніндегі бас директоры Сангдо Киммен және Сингапурдің азаматтық авиация ведомствосының бас директоры Кевином Шуммен екі жақты кездесулер өткізді.

16