ruenkz

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі тыйым салынған және басқа да арнайы аймақтардың тізбесі жаңартылды

Құрылды 03.07.2018 13:50

Аэронавигациялық ақпаратты басқару жөніндегі департамент Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі тыйым салынған және басқа да арнайы аймақтардың тізбесін жаңартты. Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің әуе қозғалысын басқару органдарымен бірлесіп бірқатар жұмыстар жүргізді. Бұл аймақтар әуе трассаларына жақын орналасқан, олар әуе кемелерінің экипаждарына қысқамерзімді хабарламалар арқылы тұрақты түрде хабарланып тұрады және ұшуды орындауға әсер етеді. Оларды аэронавигациялық ақпарат жинағында (ҚР АИП) жариялау әуе кеңістігін пайдаланушыларға оларда қозғалыстың пайда болғаны туралы алдын ала хабарлама алуына көмектеседі, бұл тұтастай алғанда ұшуды қауіпсіз орындауға әсер етеді.

19