ruenkz

Метеорологиялық қызметтегі біліктілікті арттыру курстары

Құрылды 26.06.2018 15:24

Авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету ұшудың қауіпсіздігі,  жүйелілігі мен тиімділігін арттыруда маңызды роль атқарады. Ұшудың метеорологиялық жағдайын дұрыс бағалау, тұтынушыларға қажетті метеорологиялық ақпаратты уақытында беру метеорология жағынан ұшудың қауіпсіздігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.  Осы мақсатқа жету үшін метеорологиялық қызметтің мамандары жақсы дайындалған болуы керек. Бұл жағдайда оларға біліктілікті арттыру курстары көмектесе алады. Бұл курстар метеорологтардың өзгерістерден хабары болып, ұмытылған білімді жаңғыртып және жаңа білімді алуға мүмкіндік береді.

2017 - 2018 жылдары Атырау филиалы метеорологиялық қызметінің он маманы біліктілікті арттыру курсынан өтті. Олардың үшеуі Кәсібіи дайындық орталығында біліктілікті арттыру курсында өтсе, жетеуі шетелде курстарда оқып келді.

Біліктілікті арттыру курстары жаңа талаптар мен технологиялар туралы білумен қатар, ең алдымен өз ісіне адал берілген, бір пікірдегі адамдармен кездесуге мүмкіндік береді.

«Қазаэронавигация» РМК басшылығы арқасында біздің мамандарымыздың өздерінің кәсіби деңгейі мен білімдерін арттыруға зор мүмкіндіктері бар.

67