ruenkz

Saab ӘҚБ автоматтандыру құралдарының бірлескен кешенін Сантьягоға жеткізеді

Құрылды 25.06.2018 14:46

Saab әуе қозғалысын басқару қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кейінгі буын жабдығын Сантьяго қаласының (Чили) Артуро Мерино Бенитес коммодоры атындағы халықаралық әуежайға жеткізу үшін таңдап алынған.

Saab Сантьягода әуе қозғалысы қауіпсіздігінің жаңа буынды жүйесін құруға арналған ашық конкурс аясында таңдалып алынды. Жүйе жерүсті дисплейі, электронды ұшу жолақтары (ҰҚЖ) және жалпы ақпараттық дисплейі бар Мұнараның бірегей жұмыс ережелерін қамтиды. Бұдан басқа, жүйеге A-SMGCS деңгейдегі қауіпсіздік ескертуі, Saab көп позициялы бақылау және Saab SR-3 жерүсті қозғалысты басқару радиолокаторы кіреді.

Әуе қозғалысын ұйымдастыру (ӘҚҰ) жөніндегі Saab сарапатамасы әуежайлардағы операцияларды, бақылау датчиктерін, әуе қозғалысын басқаруды (ӘҚБ) және автоматтандыруды, бірлесіп шешім қабылдауды және цифрлық Мұнараларды қамтиды. 45 елден астам 100 орыннан асатын Аэронавигациялық жабдық провайдерлері, әуежайлар және әуе компаниялар бізге сенім артады. ӘҚҰ жөніндегі тексерілген шешімдер мен қызметтер жаһандық жетекші серіктес және провайдері бола отырып, Біз операцияларды қайта түрлендіреміз, инновациялық идеяларды ақиқатқа айналдырамыз және мүдделі тараптарды шешім концепциясынан бастап ұзақ мерзімді қолдауға дейін қолдаймыз.

 

21