ruenkz

Біліктің кілті білімде

Құрылды 20.06.2018 11:44

Біліктің кілті білімде

Көне грек философы Аристотель айтқандай, «Білімді адам мен білімсіз адам арасындағы айырмашылық тірі мен өлінің арасындағымен бірдей». Қазіргі заманда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді.

Әуе қозғалысына аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін республикалық масштабтағы жалғыз кәсіпорын болғандықтан, «Қазаэронавигация» РМК Азаматтық Авиация Академиясына болашақ мамандарды даярлауға көмектеседі.

Осы жылы екі үшінші курс студенті өндірістік практикадан өту үшін Жамбыл филиалына келді. Диспетчер – нұсқаушы экскурсия ұйымдастырып, оның барысында әуеайлақтың бас жоспарымен және жергілікті жердің географиялық ерекшеліктерімен танысты. Ал РТЖБП қызметкерлері радиотехникалық құралдардың және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде ұшуды қамтамасыз ету жүйелері жұмысының принциптерін түсіндірді. Бұдан кейінгі даярлық диспетер-нұсқаушы Ф. Жолдасовтың жоспары бойынша жүзеге асырылатын болады.

ӘҚҚ қызметіндегі өндірістік практика студенттерге өзінің кәсіп таңдауының дұрыстығын терең ұғынуға, оқу барысында алған теориялық білімді меңгеруін тексеруге және болашақ мамандығының кәсіби тұрғыдан маңызды қасиеттерін кәсіби түрде анықтауға мүмкіндік береді.

24