ruenkz

Өскемен, Семей, Үржар және Зайсан әуе айлақтарының әуе кеңістігі құрылымының элементтерін әзірлеу

Құрылды 11.06.2018 10:10

Өскемен филиалының Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметі «Қазаэронавигация» РМК «Оңтүстік Шығыс ӘҚҰ ӨО» филиалы әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің мамандарымен және Әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі департаментінің мамандарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі құрылымының жаңа концепциясына сәйкес Өскемен, Семей, Үржар және Зайсан әуе айлақтарының әуе кеңістігі құрылымының элементтерін әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің жаңа құрылымын әзірлеуге қызметтің барлық қызметкерлері қатысады, филиалдың әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің диспетчерлік құрамының барлық ұсыныстары ескеріледі және қарастырылады. ӘҚҚ қызметі бастығының орынбасары Яков Николаевич Нарожнев және әуе кемелерінің қозғалысын тікелей басқаруды жүзеге асыратын диспетчер нұсқаушы Сергей Сергеевич Калашников белсенді түрде ат салысты.

135