ruenkz

2018 жылы 31 мамырдан бастап «Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалында жаңа «Мұнара» диспетчерлік пунктінен әуе қозғалысына қызмет көрсету басталды.

Құрылды 31.05.2018 15:50

1977 жылы мамыр айында Гурьев жаңа әуежайында диспетчерлік мұнарасымен басқару-диспетчерлік пункті (КДП) пайдалануға берілген болатын.  Тура 41 жылдан соң, 2018 жылдың 31 мамыры күні жаңа «Мұнара» диспетчерлік мұнарасымен техникалық ғимараты пайдалануға енгізілетін болады. Жаңа «Мұнара» диспетчерлік мұнарасының биіктігі ескі БДП диспетчерлік мұнарасынан үш есеге биік: жаңа мұнара биіктігі 39 метрді құрайды, жаңа ғимарат Атырау әуеайлағы көрінісіне көрік беріп тұр. «Мұнара» диспетчерлік мұнарасымен техникалық ғимараты халықаралық стандарттарға сәйкес салынды.      

2018 жылы 31 мамырдан бастап «Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалында жаңа «Мұнара» диспетчерлік пунктінен әуе қозғалысына қызмет көрсету басталды. «Мұнара» диспетчерлік пункттері ұшу қауіпсіздігін филиалдың жауапкершілік аймағында жаңа сапалы деңгейге шығаратын, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыстың жаңа құралдарымен жарақталынған. Жаңа «Мұнара» ғимаратының жұмыс орындары әуе қозғалысын басқару кезінде тиімді жұмысты қамтамасыз ететін,  тіршілікке қажетті барлық жүйелерге ие (автономды жылыту, орталықтандырылған ауа баптағыш жүйесі, демалу бөлмелері, психологиялық тұрғыдан жеңілдеу бөлмесі, спорт жаттықтырғыштары және т.б.).

«Қазаэронавигация» РМК басшылығының сауатты инвестициялық саясаты нәтижесінде Атырау филиалы қысқа уақыт ішінде әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде ұшуды радиотехникалық құралдармен қамтамасыз етудің тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ететін навигацияның, бақылау мен байланыстың жаңа құралдарымен жарақталды.    

48