Қазақстан авиация қауіпсіздігін одан әрі нығайту жөнінде шаралар қабылдайды
ruenkz

Қазақстан авиация қауіпсіздігін одан әрі нығайту жөнінде шаралар қабылдайды

Құрылды 31.05.2018 16:36

29-31 мамыр күндері аралығында Лиссабон (Португалия) қаласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауiпсiздiк бойынша халықаралық конференциясы өтуде. Конференцияның мақсаты 2017 жылы қабылданған ИКАО-ның Ғаламдық авиациялық қауіпсіздік жоспарын жүзеге асыру болып табылады. Конференцияны ИКАО-ның Бас хатшысы, доктор Фан Лю басқарады. Бұл іс-шараға ИКАО-ның Еуропалық және Солтүстік Атлантика аймақтарының 56 елінің авиациялық билік органдарының басшылары қатысуда. Қазақстан атынан ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Комитеттің авиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы Дархан Қатышев және «Қазаэронавигация» РМК Бас директоры Азат Бектұров қатысуда. Өткен жылы өткізілген аудит негізінде авиациялық қауіпсіздік және ИКАО стандарттарына сәйкестік бойынша Қазақстанның қарқынды дамуын ескерген xалықаралық ұйым ҚР Азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаевқа ИКАО жаһандық жоспарының шеңберінде авиациялық қауіпсіздікті қадағалауды жетілдіру бойынша еліміздің үздік тәжірибесімен бөлісуді ұсынды.
Сондай-ақ, ИКАО-ның ауқымды конференциясындағы сессияның модераторы ретінде Азат Бектұров тағайындалды. Конференция барысында Қазақстан делегациясы ИКАО басшысы доктор Фан Лю, ИКАО өңірлік бюросының директоры Луис Фонсека де Альмейдамен  екіжақты кездесулер өткізіп, Ғаламдық жоспарын жүзеге асыру мақсатында ұлттық жол карталарын әзірлеу мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, Конференция алаңдарында Ресей Федерациясы делегациясымен екі жақты жұмыс кездесуі өтті.

147