ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК мамандары DFS академиясының базасында (Ланген, Германия) ұйымдастырылған воркшопқа қатысты

Құрылды 16.05.2018 09:28

DFS  Германия аэронавигациялық қызметі (Ланген қ., Германия) басшылығының шақыртуы және  DFS академиясы базасында алдын ала келісімнің негізінде «Қазаэронвигация» РМК 5 маманы үшін воркшоп ұйымдастырылған болатын.

Воркшоп барысында DFS академиясының жаттығу құрылғыларында өткізілетін сабақтарға қатыса отырып, ӘҚҚ диспетчерлерін бастапқы даярлау курстарының оқу үдерісі,  ӘҚҚ диспетчер-нұсқаушыларын (OJTI) және ұшу-ақпараттық қызмет көрсету мамандарын даярлау бағдарламалары зерделенді. Академияның 360 градуста шолу мүмкіндігі бар диспетчерлік жаттығу құрылғысымен (диспетчерлік мұнараға барынша ұқсас) қоса, жете жабдықталған жаттығу құрылғылары базасы бар.

«Қазаэронавигация» РМК DFS академиясының тәжірибесіне сүйене отырып,             2017 жылдан бастап ӘҚҚ диспетчеріне үміткерлерді іріктеу жүйесін енгізе бастады, бұл персонал іріктеу сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік берді.

DFS академиясы «Қазаэронавигация» РМК үшін ӘҚҚ диспетчерлерін бастапқы даярлау курстарын жүргізу кезінде КДО нұсқаушыларын тағылымдамадан өткізу және оқытуды ұйымдастыру арқылы, КДО және Астана қаласындағы болашақ ОӘК орталығының даярлау жүйесін еуропалық нормаларға және EU 2015/340 стандарттарына сәйкес келтіруге көмектесуге дайын.

22