ruenkz

Аэронавигациялық ақпаратты басқару/Ақпаратты жалпыжүйелік басқару тобының 14-кеңесі

Құрылды 06.04.2018 15:01

         2018 жылғы 27-28 наурыз күндері Брюссель қаласында (Бельгия) Аэронавигациялық ақпаратты басқару/Ақпаратты жалпыжүйелік басқару тобының 14-кеңесі өтті.

         Кеңеске Еуропа азаматтық авиация конференциясына (ЕААК) мүше елдердің аэронавигациялық ақпарат қызметтері мен азаматтық авиация әкімшілігінің уәкілетті өкілдері, ICAO, EASA, ЕУРОБАҚЫЛАУ халықаралық ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Jeppesen, Lufthansa Systems FlightNav, NavBlue, Avitech компанияларының өкілдері (65 қатысушы) қатысты.

         Кеңесте AIM/SWIM тобының кіші топтарының баяндамалары, ICAO мен EASA-дан өңірлік белсенділіктер туралы ақпарат, Еуробақылаудан                         ААБ-мен байланысты белсенділіктер туралы ақпарат тыңдалды, атап айтқанда: Аэронавигациялық ақпарат қызметтерінің еуропалық деректер базасы (EAD), Еуропа әуе қозғалысын ұймыдастыру жүйесіне ақпараттық қызмет көрсету (EAIMS), ұшқышсыз ұшу аппараттарының әуе қозғалысына қызмет көрсету (UTM) және 3-деңгейлі ӘҚҰ шеберлік жоспары.

         Сонымен қатар, ICAO-ның Ақпаратты басқару жөніндегі сарапшылар тобының қызметіне қысқаша шолу, Аэронавигация жөніндегі жаһандық салалық симпозиумның (GANIS) және Қауіпсіздік пен аэронавигация жөніндегі симпозиумның  (SANIS) қорытындылары, сондай-ақ Ақпаратты жалпыжүйелік басқару жөніндегі ерекшеліктер мен нұсқаулықтарды әзірлеу қызметіне шолу қаралды.

         Кеңеске «Қазаэронавигация» РМК аэронавигациялық ақпаратты басқару жөніндегі департамент директорының орынбасары Д. Нарбеков қатысты.

81