ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК қызметкерлері диспетчерлердің кәсіби шеберлігінің халықаралық сайысында жүлделі орынға ие болды

Құрылды 30.03.2018 08:42

«Еуразия» үйлестіру кеңесінің  2017-2018 жылдарға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылғы 26 ақпан мен 2 наурыз аралығында Санкт- Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) «Еуразия» үйлестіру кеңесіне мүше мемлекеттердің аэронавигациялық кәсіпорындары ӘҚБ диспетчерлерінің кәсіби шеберлігінің бесінші халықаралық сайысы өтті.

Сайысқа «Еуразия» үйлестіру кеңесіне мүше аэронавигациялық қызмет көрсететін 8 кәсіпорыннан 24 ӘҚҚ маманы қатысты.

Осы сайысқа қатысу үшін «Қазаэронавигация» РМК атынан төмендегі құрамда команда құрылды:

М.Ж. Конгреев – «Орталық Қазақстан әуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығы» филиалы аудандық диспетчерлік орталығының диспетчер-нұсқаушысы;

Д.Н. Лавренюк – «Орталық Қазақстан әуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығы» филиалы әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің диспетчер-нұсқаушысы;

Б.М. Ізжанов – «Орталық Қазақстан әуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығы» филиалының әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметі әуеайлақтық диспетчерлік орталығының диспетчері;

М.В.Сурков – «Орталық Қазақстан әуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығы» филиалының әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметі аудандық диспетчерлік орталығының бастығы (конкурсты ұйымдастырушы комитеттің мүшесі);

С.Қ. Парманов – әуе қозғалысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы (конкурстық комиссияның мүшесі және халықаралық сайыстың әділқазысы).

Сайыс үш кезеңнен тұрды:

- Үй тапсырмасы (әуе қозғалысын ұйымдастыру жүйесінің дамуы туралы презентация);

- Теориялық даярлық (ИКАО құжаттарын білу, ағылшын тілі, әлемдік азаматтық авиация тарихын білу);

- Диспетчерлік жаттығу құрылғысындағы даярлық.

5 күндік конкурстық сайыстың қорытындысы бойынша сайысқа алғаш қатысқан «Қазаэронавигация» РМК командасы жалпыкомандалық есепте жүлделі үшінші орынға ие болды.

Сондай-ақ, «Ағылшын тілінің жоғары деңгейі» номинациясы бойынша  «Орталық Қазақстан әуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығы» филиалының әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметі әуеайлақтық диспетчерлік орталығының диспетчері – Б.М. Ізжанов жеңімпаз атанды.

140