ruenkz

Мемлекет басшысы Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалын ашты

Құрылды 08.06.2017 11:53

Ағымдағы жылғы 31 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев  Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалын аралады

Мемлекет басшысына терминалдың жаңа мүмкіндіктері көрсетіліп, қызмет көрсету сапасын жақсартудың жаңа жүйелері таныстырылды, жолаушылар ағынын арттыру шаралары баяндалды.

Әуежайдың жаңа терминалы құрылысының жобасын «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ іске асырды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы К.Алпысбаев жалпы ауданы 47 мың шаршы метр болатын жаңа терминал төрт деңгейден тұратынын, оның үшеуі халықаралық рейстерге арналса, төртіншісі халықаралық демалу аймағына және ішкі рейстер жолаушыларының аймағына бөлінгенін айтты. Терминалда  қауіпсіздіктің заманауи жүйесі орнатылған. Төлқұжат тексеретін 50 кабина мен сағатына 1200 бірлік жүк өңдеуге қабілетті ЕУРО 2020 стандартындағы жүк жүйесі қарастырылған.

Жаңа терминалдың ашылуы әуежайдың өткізу қабілетін 3 милионнан жылына 8,2 миллион жолаушыға дейін арттырып, 1300 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Астана әуежайы 18 авиакомпанияға қызмет көрсетеді, олар 24 халықаралық және 17 ішкі бағыт бойынша ұшуды жүзеге асырады. 2017 жылдың маусым айынан бастап рейстер мен бағыттар саны 45-ке дейін артады. Қазақстан арқылы өтетін транзиттік авиатасымалдар да өсіп келеді,  2011 жылғы деңгеймен салыстырғанда олар 2022 жылы 1,5 есе өседі деп күтілуде.

340