Компания туралы
ruenkz

Компания туралы

«ҚАЗАЭРОНАВИГАЦИЯ» РМК

  • Құрылған күні – 1995 жыл
  • Бақыланатын әуе кеңістігі – 2 757 300 ш. км
  • Халықаралық трассалардың саны – 12 негізгі, 6 – кроссполярлық
  • Әуе трассаларының жалпы ұзақтығы – 83 876  км
  • Көршілес мемлекеттермен әуе дәліздері – 73
  • Орташа алғанда, жылына шамамен 220 мың ұшуға қызмет көрсетіледі
  • Тәулік сайын 700-ден астам әуе кемесі бақыланады (қауырт кезеңдерде).

 

Миссиясы                                                                                              Пайымы                

Халықаралық стандарттарға сәйкес әуе                                        Еуразиялық өңірдегі ең тиімді аэронавигациялық

қозғалысына  қауіпсіз және сапалы аэронавигациялық               қызмет көрсету провайдері (2025 жылға қарай).

қызмет көрсету және азаматтық авиация саласының

дамуына атсалысу.

 

Қызмет бағыты

  • Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде және әуеайлақ аудандарында әуе қозғалысын жоспарлау және оған қызмет көрсету
  • Ұшуды және байланысты радиотехникалық қамтамасыз етуді пайдалану
  • ҚР әуе кеңістігін пайдаланушыларын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету
  • Ұшу қауіпсіздігін басқару
  • Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
  • Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету
  • Азаматтық авиация саласы жұмыскерлерін бастапқы даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру
  • Авиамедициналық қызмет, азаматтық авиация саласының авиациялық персоналын куәландыру

 

Даму стратегиясы

Азаматтық авиацияны дамытудың қазіргі деңгейі және перспективалары бүкіл әлемде Кәсіпорынның алдына әуе кеңістігін пайдалануды жетілдіру және әуе кеңістігін ұйымдастыру, ұшу қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, елдің аэронавигациялық жүйесінде жаңа технологияларды  енгізу бойынша жаңа міндеттерді қояды. Осы жаңа міндеттерді шешу үшін 2015 жылғы желтоқсан айында Кәсіпорынның 2025 жылға дейінгі Даму бағдарламасы және 2017 жылғы қаңтарда 2017-2019 жылдарға Қазақстан Республикасының аэронавигациялық жүйесінің даму жоспары қабылданды.

 

Даму мақсаттары мен міндеттері:

1-мақсат. ҚР әуе кеңістігі пайдаланушыларының пайдалану шығындарын төмендету

  • Қазақстан Республикасы әуеайлақтырының қолжетімділігін арттыру
  • Биіктікті төмендету және биіктікті алу схемаларын оңтайландыру есебінен ұшулардың пайдалану тиімділігін арттыру
  • ҚР әуе кеңістігін пайдалану қолайлылығын күшейту.

​2-мақсат. Аэронавигациялық қызмет көрсету сапасын жақсарту

  • Бақылаудың перспективалы әдістерін енгізу
  • Ұшуды басқару жүйесін дамыту
  • Аэронавигациялық ақпаратты басқару жүйесін дамыту

3-мақсат. Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін күшейту

  • Тиімді тарифтік, бюджеттік және инвестициялық саясаттарды жүргізу
  • Мамандандырылған орталықтарды дамыту.

 

           Күтілетін нәтижелер:

  • Ұшу-қону операцияларын орындау кезіндегі жыл сайынғы отын тиімділігі – 2% (2019 жылдан бастап);
  • Өнімділігі аз ұшуды 2019 жылға қарай 1,5%-ға төмендету;
  • Маршрутта көлденең ұшу тиімділігін 2020 жылға қарай 10%-ға ұлғайту;
  • Транзиттік ағынды 2020 жылға қарай 10%-ға, 2025 жылға қарай 30%-ға арттыру.