Біз туралы

9Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «Қазаэронавигация» РМК) Қазақстан Республикасындағы (бұдан әрі – ҚР) аэронавигациялық қызметтердің провайдері болып табылады. Кәсіпорын «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 736 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» әуе қозғалысын басқару, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің жер үсті құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын біріктіру жолымен құрылды.

Жарғыға сәйкес Кәсіпорынның мақсаты ҚР әуе кеңістігін пайдаланушылардың аэронавигациялық қызмет көрсетудегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету және азаматтық авиация саласында авиациялық персоналды даярлау, медициналық қызмет көрсету қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. 

Кәсіпорынның негізгі қызмет көрсету түрлеріне:

  1. ҚР әуе кеңістігінде әуе қозғалысын ұйымдастыру (бұдан әрі – ӘҚҰ) және қызмет көрсету;
  2. ҚР әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  3. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдарын пайдалану;
  4. ҚР әуе кеңістігін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету кіреді. 

Инфрақұрылымды дамыту

Қазіргі уақытта Қазақстандағы бақылау жүйесіне түрлі мақсаттағы 50 радиолокациялық кешен (бұдан әрі – РЛК) кіреді. 2007 жылдан бастап РЛК ауыстыру және жаңаларын орнату жұмыстары жүргізілді. Аталған кешендердің құрамына бір жақты радиолокаторлар, S режиміндегі екі жақты РЛС және ADS-B станциялары кіреді. 

 

2013-2014 жылдар аралығындағы кезеңде Тараз және Павлодар қалаларында NRPL өндірісінің (Финляндия) «PSR/MSSR/ADS-B» құрамдастырылған РЛК пайдалануға енгізілді. Орал, Ақтау, Қостанай, Семей, Жезқазған және Қызылорда қалаларында бұрын орнатылған біржақты РЛК-ға екі жақты арнаны және ADS-B арнасын біріктіру бойынша жаңғырту жұмыстары орындалды. Сонымен қатар Балқаш қаласында бұрын орнатылған екі жақты РЛК-ға бір жақты арнаны біріктіру жұмыстары орындалды. 

 

2015 жылдың аяғына дейін Жаркент (Аврора-2) және Талдықорған (АОРЛ-1АС) қалаларында радиолокациялық кешендерді пайдалануға енгізу жоспарлануда. 

 

АРП-75 торауылдауыштарын АРП-95 торауылдауыштарына жоспарлы түрде ауыстыру жұмыстары жалғасуда, 2013-1014 жылдар аралығындағы кезеңде осындай жұмыстар Орал, Шымкент, Жезқазған, Павлодар қалаларында жүргізілді, ал Боралдай кентінде және Атырау қаласында орнату жұмыстары аяқталуда. 2015 жылы Талдықорған және Көкшетау қалаларында  АРП-95 орнату жоспарланып отыр. 

 

DVOR/DME маяктарының өрісін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Өскемен, Аягөз, Ақтөбе және Тараз қалаларында маяктарды орнату жұмыстары аяқталды, 2015 жылы Жаркент, Талдықорған, Павлодар, Қостанай қалаларында маяктарды орнату жұмыстарын аяқтау жоспарланған. 

 

Жұмыс қорын өтеген ҚЖ80 және ҚЖ90 қондыру жүйелерін «THALES» компаниясының «ILS 420» жүйесіне жоспарлы түрде ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында жұмыстар аяқталды. 2015 жылы Орал қаласында аталған қондыру жүйелерін монтаждауды аяқтау жоспарланып отыр. 

 

Қарқындылығы аз әуежайларда тірек-навигациялық пункттерінің және «Мұнара» диспетчерлік пункттерінің құрылысын салу жұмыстары жалғасуда. 

 

2014 жылы Боралдай қаласында «Мұнара» диспетчерлік пункті пайдалануға енгізілді. 2015 жылы Талдықорған қаласында «Мұнара» диспетчерлік пункті және «Жаркент» тірек-навигациялық пункті іске қосылады. 

 

Барлық араласы диспетчерлік орталықтармен OLDI электронды диалогын енгізу жұмыстары жүргізілуде. 

 

OLDI электронды диалогы қазіргі уақытта 3 ӘҚБ АЖ орталықтарында енгізілген, көрші мемлекеттермен деректерді берудің бірыңғай хаттамасын пайдалану мәселесі талқылануда. 

 

«Жер-жер» және өзара іс-қимыл жасаудың автоматты процедуралармен ауысудың цифрлық жедел форматын енгізу ақпарат беру уақытын қысқартуға және ӘҚБ бөлімшелері, әуежай, әскери және азаматтық бөлімшелер арасында шұғыл шешім қабылдауға мүмкіндік береді. 

 

Ұшу алдындағы дайындық және ұшуды орындау (біріктірілген брифинг) сатысында қажет етілетін деректерді біріктіріп  және ыңғайлы түрде беру үшін кешенді брифинг жобасын іске асыру басталды. 

 

Біріктірілген брифинг түрлі деректер мен САИ, FPL, MET және ATFM сияқты ақпарат көздеріне қол жетімділікті арттыру және беру арқылы брифинг үдерісін жинақтайтын жүйе және/немесе сервис дегенді білдіреді. 

 

Алматы және Астана қалалары әуежайларының брифингтерінде біріктірілген брифингті іске асыру жоспарланып отыр. Жабдық сатып алынған және барлық жүйелерге тестілеу жүргізілуде. АИС, FPL және ATFM ақпараты бірыңғай көзге біріктірілетін болады. MET ақпаратын біріктіру жұмыстары жүргізілуде.

 

 2025 жылға дейін «Қазаэронавигация» РМК даму жоспары

 

Кәсіпорын қазіргі уақытта 2025 жылға дейін РМК даму жоспарын әзірлеуде, ол қабылдау 2015 жылдың тамыз айына жоспарланған.  

 

Құжат ұлттық мүдделер мен азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың ұсыныстарына сәйкес Кәсіпорынды дамыту бағыттарын, мақсаттарын және міндеттерін анықтауға негізделген.  

 

Төмендегілерді қамтамасыз ету үшін қажетті негізгі шаралар анықталатын болады: 

 

- Кәсіпорынның қызметін ұлттық және халықаралық талаптарға сәйкестендіру,

  • ӘҚҰ кезінде ұшу қауіпсіздігі;
  • ҚР барлық ӘК пайдаланушыларына сапалы аэронавигациялық қызмет көрсету.

Құжатты іске асыру қорытындысы бойынша:

  • Бәсекеге қабілетті және қауіпсіз аэронавигациялық жүйе құрылады 
  • ҚР ӘК транзиттік әлеуеті артады
  • инновациялық технологиялар енгізіледі 
  • жоғары кәсіби кадрлық құрам қалыптасады 
  • іздестіру-құтқару қызметі дамиды. 

Байланыс

Астана қ., Е522 көшесі

15 үй

Тел.: +7 (7172) 70-42-76

Факс: +7 (7172) 77-35-66

e-mail: office@ans.kz

JoomShaper
Яндекс.Метрика