Біздің басты мақсат - қауіпсіздік!

2016 жылы 220 000 аса ұшу бағыттарына қызмет көрсетілді

ӘУЕ КЕМЕЛЕРІНІҢ ҮНЕМДІ, ТҰРАҚТЫ, ҚАУІПСІЗ ҰШУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕМІЗ!

2600-нан аса жоғары білікті мамандар, 600-дей диспетчер.

ӘУЕ ҚОЗҒАЛЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНАМЫЗ!

Шетелдік авиакомпаниялар 2016 жылы 140 000 аса ұшуды орындады.

САПАЛЫ АЭРОНАВИГАЦИЯЛЫҚ АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕМІЗ!

Қазақстандық авиакомпаниялар 2016 жылы 80 000 аса ұшуды орындады.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ!

Диспетчерлер құрамы Чехия, Ұлыбритания, Латвия, Германия және Сингапур елдерінің үздік оқу орталықтарынан білім алады.

ЖАҢА БЕЛЕСТРДІ БАҒЫНДЫРУҒА ДАЙЫНБЫЗ!

Кәсіпорынның 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы әзірленді.

РМК " Казаэронавигация"

 Кәсіпорын авиация ұшуларының қауіпсіздігі мен тиімділін, олардың жүйелілігін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде аэронавигациялық қызмет көрсетуді жүзеге асырады

Компания туралы

«Қазаэронавигация» РМК 3 өңірлік орталықтан (ӘҚҰ ОҚ ӨО, ОШ ӘҚҰ ӨО, БҚ ӘҚҰ ӨО), 15 филиалдан, Медициналық орталықтан және Кәсіби даярлау орталығынан тұрады. Қазіргі уақытта Қазақстанның аумағының үстінен жалпы ұзындығы 83 876 километр болатын 90 әуе трассасыөтіп жатыр, оның ішіндеұзындығы 82 561 км болатын 87 халықаралық трасса, қалғандары - ұзындығы 1 315 км 3 ішкі трасса. 

Іргелес мемлекеттердің шекарасындағы әуе дәліздерінің жалпы саны 73 құрайды:

Ресей Федерациясымен – 30;

Қытай Халық Республикасымен – 2;

Қырғыз Республикасымен – 6;

Өзбекстан Республикасымен – 30;

Түркменстанмен – 2;

Әзірбайжан Республикасымен – 3.

Шетелдік авиакомпаниялардың Қазақстан аумағы арқылы транзиттік әуе тасымалдарының 80% Еуропаны Оңтүстік-Шығыс Азиямен байланыстыратын негізгі 12 бағыты арқылы өтеді, ол - Азияны (БАӘ, Үндістан) АҚШ пен Канадаға  шығаратын трансполярлық маршруттар, сондай-ақ Оңтүстік Азия (Таяу Шығыс) мен Еуропа арасындағы бағыттар.

АҚШ пен Канададан Үндістанға, БАӘ, Пәкістанға, Таиландқа, Сингапурға «трансполярлық маршруттар» бойынша орындалатын трансқұрлықтық ұшулар  Қазақстан арқылы өтетін транзиттік ағындағы болашағы зор бағыттардың бірі болып қала береді. Ұшуды тұрақты негізде БАӘ, Үндістанның, Пәкістанның және АҚШ-тың авиакомпаниялары орындайды. 

Кәсіпорынның негізгі көрсеткіштері

 Қазақстанның аэронавигациялық жүйесінің қызметі төмендегі көрсеткіштермен сипатталады.

2016 жылы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде 226 461 ұшуға қызмет көрсетілді.

Қызмет көрсетілген қазақстандық авиакомпаниялардың ұшулар саны 81 884, шетелдік авиакомпаниялардың ұшулар саны (транзит және қону) – 144 577 ұшуды құрады.

Байланыс

Астана қ., Е522 көшесі

15 үй

Тел.: +7 (7172) 70-42-76

Факс: +7 (7172) 77-35-66

e-mail: office@ans.kz

JoomShaper
Яндекс.Метрика